Main /
Mass media about us
01.08.2024 Экологияны сақтаудың тиімді әдістері
2024 жылдың мамыр айында «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын оқытушылық қызметке тарту үшін 2024 жылға арналған жоғары рейтингтік ғылыми басылымдарда жарияланымдары бар алыс шетелдің жетекші университеттерінен шетелдік сарапшылардың санын бөлу жоспарын бекіту туралы» ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ химия кафедрасының профессор-оқытушылар құрамына, магистранттарға Тохоку (Жапония) университетінің профессоры Нұрбосын Жанпейісов дәріс оқыды.
Жобаның негізі Стратегиялық даму әлеуеті бар Алматы-Қонаев қалалық аумақтарында жергілікті маңызы бар өнеркәсіптік қалдықтарды рекультивациялау жолымен құрылыс материалдарын дайындау болып табылады. Нұрбосын Жанпейісов алғаш рет кванттық химияда қолданылатын әдістерді негізге ала отырып, жобаны іске асыру арқылы қалалық аудандардың ауа бассейнін жақсарту үшін титан диоксиді катализаторын жасауға көмектеседі.
Бұл тәсілдің негізінде жарамсыз деп саналатын құрылыс қалдықтарын азайту және оларды қайта өңдеу технологиясында қолдану жатыр. Өнеркәсіптік қалдықтардан жаңа пайдалы материалдар жасаумен және жаңа кәсіпорындар ашумен қатар, жергілікті халықты, әсіресе өнеркәсіптік инфрақұрылымды жұмыспен қамтуды дамытуға бағытталатын болады.
Атап айтқанда, аммиак пен NO-ның бес валентті ванадий оксидімен өзара әрекеттесу нәтижелері болашақта мемлекеттік деңгейдегі кешенді тапсырыстар мен қажеттіліктерді қанағаттандырады. Ғалымның жетекшілігімен жұмыс тобы қоршаған ортадағы сынамаларды жинау мақсатында урбозонға экспедиция маршрутын ұйымдастыру арқылы қарқынды дамып келе жатқан урбозонаның экологиялық жағдайын жақсартудың тиімді жолдарын ұсынды.
Кешенді зерттеу нәтижелері Республикалық жобаларды іске асыру және стратегиялық даму бағдарламаларын жоспарлау кезінде ерекше маңызға ие. Экспедиция шеңберінде Алматы-Қонаев бағыты бойынша Scopus базасына кіретін жоғары рейтингтік журналға мақала дайындалуда, онда зерттеу нәтижелері мен су мен топырақ құрамының сынамаларын сараптай отырып, дозиметр көмегімен ауа сапасын жақсартудың тиімді шаралары қамтылған. Шетелдік озық тәжірибеге ие мамандар мен отандық ғалымдардың бірлескен жобасы ел ғылымы үшін пайдалы болатыны сөзсіз.
01.08.2024 Ақпарат көзі: qazaq1913.com |