Main
News
04.09.2024 «Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз,болашақты құрамыз» студенттермен кездесу өткізілді
Абай атындағы ҚазҰПУ Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен Жаратылыстану және география факультетінің 1 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты - университетке жаңадан қабылданған 1-курс студенттерін жаңа оқу жылы қарсаңында оқу орны қабырғасына, қоғамға бейімдеу, тәлімгерлерлік бағыт бойынша кеңестер беру. Кездесу барысында студенттерге факультеттің өзін-өзі басқару ұйымы туралы ақпарат беріліп, психологиялық көмек алу, университеттің ішкі тәртіп ережесі, жүріп-тұру қағидасымен қатар «Отбасылық дәстүрлер: тарихымызды сақтаймыз,болашақты құрамыз» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жастар ісі жөніндегі бөлім төрағасы Райымбек Пірәлі өз сөзінде қазіргі уақытта белең алған азаматтық неке, ажырасу, отбасы мүшелерінің құмар ойынға тәуелділігі, алкоголизм, отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездік, жасөспірімдер суициді, тастанды балалар және т.б. жағымсыз үрдістердің алдын-алып, болдырмауға назар аудару керектігін атап өтті.
Кездесуде сондай-ақ, отбасы құндылығын дәріптеп, бала құқығын қорғау, отбасының әлеуметтік осал санаттарын қолдау жөнінде айтылды. Студенттермен кездесу үрдісі 8 қыркүйекке дейін жұмыс жоспарына сәйкес жалғасатын болады.
|