Main /
Mass media about us
18.09.2024
Өз ойыммен бөлісейін…
Бірде Нағашбек Қапалбекұлының теледидар жайында:
«Қырсық, қитар,
Бірде Қожанасыр тойға барыпты. Той енді қыза бастағанда үйіне қайтқысы келген Қожекең көп аттың ішінен өз атын тани алмай қалыпты.
- Ей, халық, - депті, сосын айқайлап:
- Аттарыңды ұстаңдар. Қазір мен өз атымды айтамын.
Халық асып-сасып әрқайсысы өз аттарын жетелеп қашыпты. Қажекең жалғыз қалған өз атына мініп алып, жүріп кетіпті.
Бізде таным әлемінде біз дүниені танып, екіншісін танымай жатқандаймыз.
Ендігі әңгіме қазіргі алдағы болатын референдум жайлы. Менде өздеріңіздей ел азаматымын, елім-жерім үшін жаным ашиды, жетістігі болса қуанам, кемшілігі болса қапаланатын жанмын. Болып жатқан дүлей айтыс-тартыс, ашу ызалы, дегенмен арасында ойға қонымды салиқалы пікірлер баршылығын кеміткім келмейді.
Ырымшыл қазақпыз, кезінде Ш. Айтматовтың «Ана - Жер-Ана» қойылымын көріп, соның тобықтай түйініне тоқталғым келеді.
Адамзат баласы кіндік қаны жерге тамғанда, шырағымның басқан жері нулы, малы төлді, аспаны таза болса екен деп тілеу тілеп, мойнымызға үшбұрыш тұмар тағушы еді. Яғни, қасиетті жерге, әлемге қоршаған ортаға табыну деген ұғым, оның тазалығы өмір азығың.
Туған жерге, рас жиі болмаса да, торқалы той, топырақты өлім дегендей аракідік ат ізін салып тұрамыз. Баяғыдай соғым сойып, еті мен құрт-майын әзірлеп күтіп отыратын әке-шеше болмаса да, бір тартылыс күш тартады да тұрады, әйтеуір. Ауасы ма, адамдары ма, табиғаты ма...
Бұл қызыл дүниеге алданып, қызығына түсіп, буына пісіп жүріп небір бассыздықтардың орын алатыны белгілі.
Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, ақ пен қараның, жер мен көктің кереғарлығы сияқты, таным жолында да ғадауат мәңгілік тектеріс күй кешіп келеміз. Соның бірі қазіргі жүріп жатқан АЭС төңірегіндегі талқылаулар. Сөз жоқ, көзі ашық, көкірекке сенім ұялататын ой-пікірлер баршылық. «Салтыңды білмей - халқыңды, ғұрпыңды білмей - ұлтыңды білмессің» демекші, қызбалыққа салынып, бір-біріне тіл тигізіп айтушылар саны да аз емес.
Әдеп пе? Әдеп. Түйін. Әдепті әдеп түзейді осыдан арылмайық. АЭС жайлы айтатын болсақ, өз ойым, сөз жарысқа бармайық. Бала кезімізде электршамы ауылда генератормен берілетін, кешке жағып, түннің ортасында үш рет жыпылықтап өшірілетін. Кейде тіпті болмайтын, тұрақтысы - майшам болатын, сол дөңгелек үстел бойына отырып үлкендер «Қырық қыз, Гүлайым» деген кітаптарды мәнерлеп оқып беруді табыстайтын. Далада отырып, тік ұшақ зымыранның ұшқанын алыстан көріп тамашалайтынбыз, радиодан «Семей полигонында 20 килотонн атом бомба жарылысы болды» дегенді естуші едік. Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра алмадық. Су арналарын тежеп, ГИДРО, ТЭЦ-тер салына бастады, күріш, мақта өсіруге бөгеттер салынды, дарияларымыз тартылды, Аралымыздан айырылдық. Жер қойнауына қол салдық, көмір-мұнай өндірдік, ысырапшылдық пен құрдымға келтірдік, айғағы жерді ойсыратып, ескі Қарағанды - жаңа Қарағанды пайда болды. Болашағы қалай беймәлімбіз. Айта берсең, тізімі ұшан-қайыр. Ысырап дейміз, кім кінәлі? Өзіміз.
Табиғатты тоздырдырдық, ластадық, енді «Таза Қазақстан» бағдарламасына көштік.
Айды аспанға шығардық, оған кім кінәлі? Өзіміз.
Иә, заман өзгерді, біз өзгердік пе? Табиғат бізге ескертуде, қарғын су жолына құрылыс, жол салдық, т.б. Топан сумен бір ескертті, жалғасы бола ма? Таудағы мәңгілік жатқан мұз қабаты ери бастады, буланып аспанға ұшып жатыр, су арналары азая бастады, көлдер тартылуда. Алматы көк түтін астында қоршаған (ТЭЦ), оған қоса көлік, «Астана-Степногорск» уран желі (ТЭЦ), көлік, тізіп айта берсек жанға үрей туғызады.
Алып қарасақ, мұнай, газ, көмір өз шама-шарқына жеткендей, қуат көзі әлсірегендей. Жолы қалай, қайдан аламыз? Көк энергиясы жел, күн, тұрақтылық күші аз.
Көз жүгіртейік, 20 млн. жанбыз, бүгінге әр қайсысында қолтелефон, ноутбук, компьютер, планшет, самокат, әр үйде кем дегенде бір көлік жанармайдан газға, енді электр қуатына көшу алыс емес. Ас дайындалғанда электр қуаты газдан асып түспесе кем емес, үй жылыту, т.б. тізе берсең кете береді.
Атом энергиясына тоқталсақ, қаншама уран қалдығын ысырап етеміз, неге кәдеге асырмасқа?
Тіпті, сол үрей туғызатын радиация зияны болса да, ауыр дертке шипа болып жатқан жоқ па? Оның да игі көзі даму үстінде. «Жаман айтпай, жақсы жоқ», бұл да мені ойға шомылдырды.
Бұл өз ішіміздегі дүние, ал енді сырт басқа елдерге қарасаң, ілгерісінің бәрінің басым бөлік қуат қорегі көзі - атом энергиясы. Бұған не айтасыздар? Бұл уақыт заман талабына сай ма? Айтылып жатқан ұсыныс-пікірлерге құлақ түрсем, неге газ қуатына көшпеске дегендей... Мен бұл сала маманы емеспін, өздеріңіздей еліміздің өкілімін. Әлемнің білгіші Платон баяғыда «Айтпаса аға буын кінәлі» деген екен, үндемей қалғаным болмас. Өз ойым, белді бекем байлап, мен де осыған көнгендеймін. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Берікжан Әлмұхаметов,
18.09.2024 Ақпарат көзі: qazaq1913.com |