Main
News
19.09.2024 «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау, мақсаттар мен гипотезаларды, әдістерді тұжырымдау арқылы ғылыми жобаны құру» ашық дәрісі 2024 жылдың 18 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінің химия кафедрасында «Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау, мақсаттар мен гипотезаларды, әдістерді тұжырымдау арқылы ғылыми жобаны құру» тақырыбында ашық дәріс өтті. Шараның арнайы қонағы - Улудаг университетінің профессоры Салих Чепни (Бурса, Түркия) университет студенттеріне педагогика саласындағы көп жылдық тәжірибесімен бөлісті.
Ашық дәрісте зерттеу мақсаттарын нақты анықтау жолдары мен зерттеу барысына қажетті гипотезаларды құру критерийлері талқыланды. Профессор Салих Чепни сандық және сапалық тәсілдерді таңдау арқылы зерттеудің мақсатына жету жолдарын айқындады. Қатысушылар сонымен қатар нәтижелерді жақсырақ түсінуге ықпал ететін зерттеу мәтінін логикалық құрылымдау бойынша нұсқаулық алды.
Іс-шара студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау саласындағы білім деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ ғылыми мақалаларды жазу кезінде жиі кездесетін қателіктер туралы білуге және ғылыми жобаны құру дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Ашық дәріс соңында профессор мен қатысушылар белсенді түрде пікір алмасты.
|