Main
News
23.09.2024 Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасынының білім алушылары — Президенттік шәкіртақы иегерлері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешіміне сәйкес, 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде оқудағы және ғылыми қызметтегі жетістіктері үшін Абай университетінің №08-05-13/271 бұйрығы негізінде 74 білім алушыға Президенттік шәкіртақы тағайындалды. Соның ішінде Педагогика және психология факультеті «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының 4-ші курс студенті Лилия Зенина (GPA 3,88) бар. Студентіміз 2 жыл қатарынан шәкіртақы иегері атанып отыр.
Жоғары оқу орнынан кейінгі магистратура деңгейінде Абай университеті бойынша 1 магистрант: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 2-ші курс магистранты Яна Таласпаева (GPA 3,95) Президенттік шәкіртақы иегері атанды. Студенттерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз!
|