қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.09.2024

Марк Узан Абай университетінде болды: жаһандық экономика және білім алмасу аясындағы ынтымақтастық

 

2024 жылдың 20 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Бреттон-Вудсты жаңарту комитетінің бас директоры және негізін қалаушы Марк Узан келді. Оның сапары халықаралық экономика саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын айқындайды.

 

Марк Узан жыл сайын жетекші қаржы институттарына, G20-ға, үкіметтерге және орталық банктерге экономикалық, қаржылық және монетарлық саясат пен құрылымдық реформалар бойынша кеңес береді. Ол халықаралық қаржы жүйесінің жаңа құрылымы мен жаһандық даму бойынша ғылыми еңбектердің авторы және Париж-Дофин университетінің Халықаралық экономика және қаржы магистрі дәрежесіне ие. Ол сондай-ақ Дүниежүзілік экономикалық форум бағдарламасының кеңесінде қызмет етті және Берклидегі Калифорния университетінің экономика кафедрасында сабақ берді.

 

Шетелдік ғалым сонымен қатар көптеген кітаптардың редакторы болып табылады, оның ең соңғы жұмысы «Бреттон-Вудске 70 жыл» ағылшын және қытай тілдерінде жарық көрген (қазіргі уақытта орыс тіліндегі нұсқасы шығарылады деп жоспарлануда). Бұл кітапта жаһандық даму және тұрақты өсу туралы әлемнің жетекші сарапшыларының пікірлері берілген.

 

Кездесу барысында Марк Узан басқа жоғары оқу орындарының арасында Абай университетінің ерекше мәртебесін, оның Қазақстандағы білім беру саласындағы көшбасшы университеттердің бірі екендігін атап өтті. Сондай-ақ ол университетке экономика, қаржы, әдебиет және философия бойынша 2 мыңнан астам кітап сыйға тартуды жоспарлап отырғанын хабарлады. Университетті экономика, қаржы және басқа да салалардағы өзара тәжірибе алмасу орталығына айналдыруды мақсат етіп, білім алмасу үшін халықаралық спикерлерді Абай университетіне шақыруға қызығушылық танытты. Марк Узан ынтымақтастықты тек кітап сыйлаумен ғана шектегісі келмейтінін, оны Орталық Азияда кеңірек қамтуға ұмтылатынын атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=