қазақша · русский · english
   
  Main  News
27.09.2024

Жатақхана студенттерімен «Стрессіз бейімделу: гармонияда өмір сүр» психологиялық тренинг апталығы


2024 жылдың 23-27 қыркүйек аралығында Психологиялық қолдау қызметі жатақхана студенттеріне арналған «Стрессіз бейімделу: гармонияда өмір сүр» тақырыбында психологиялық тренинг апталығын ұйымдастырды.   

 

Тренингтің негізгі мақсаты - студенттердің жаңа әлеуметтік ортаға сәтті бейімделуіне, адамдармен қарым-қатынас құруға арналған коммуникациялық дағдыларын жетілдіруге ықпал ету. Сонымен қатар, тренинг стресс деңгейін төмендетіп, қоғамдық ортада өзін-өзі сенімді сезінуге көмектеседі.

 

Тренинг әрбір студент өзін ортада еркін көрсете алуы үшін, ерекше қимыл-әрекет көрсету арқылы «Танысу» жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде, академиялық, психологиялық және әлеуметтік дағдыларды дамытуға арналған «Командалық тандем» ойыны жүргізілді. Бұл жаттығудан командада жұмыс істеуге үйрену мүмкіндігін, өзін- өзі тануды дамыту, өзінің және басқалардың қиын және көпсатылы міндеттерді бірге шешуге жағдай туғызатын жеке қасиеттерін бағалауды үйренді. Тренинг бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайтуға арналған «Бірлескен шығармашылық» жаттығуымен жалғасты. Сонымен қатар, коммуникациялық дағдыларын дамыта түсуі, топта қолайлы психологиялық ахуал орнату және студенттердің бейімделуі үшін «Визуалды байланыс» жаттығуы жүргізілді.

 

Студенттер тренинг барысындағы ойындарға қатысып, жаттығуларды орындау арқылы жатақханада жағымды ұжымдық психологиялық климаттың қалыптасып, бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайта алғандықтарын жеткізді. Тренингке №1, 2, 3, 8 және №5 жатақханадан 150-ге жуық студент қатысты.

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі