қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.10.2024

«Таулардың етегіндегі сүйікті қала» әдеби іс-шарасы өтті


2024 жылдың 30 қыркүйегінде Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінде «Таулардың етегіндегі сүйікті қала» тақырыбында әдеби іс-шара өтті. Мәдени іс-шара Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының және №165 мамандандырылған лицейінің ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараға Филология факультетінің 1 курс студенттері мен №165 мамандандырылған лицейінің 11-ші сынып оқушылары қатысты.

 
 Іс-шараның мақсаты - оқушылардың әдеби білімдерін кеңейту және оларды Алматы қаласының әдеби тарихымен таныстыру.

 

Қазақстандық жазушы, «Алматинские быльки» («Алматылық аңыздар») және «Алма қаласында» кітаптарының авторы Елена Клепикова әдеби кешке қонақ ретінде келіп қатысты. Елена Клепикова «Алматы мәтіні» туралы ой қозғап, қатысушыларға қаламен байланысты аңыздар туралы айтты. Балалар Құлжа жолындағы татар мекені, Үлкен және Кіші станицалары, Дүнген слободасы туралы мәлімет алды. «Порт Артур» сияқты атаудың неліктен пайда болғандығы, Құрманғазы көшесіндегі бұрынғы саудагердің үйі туралы аңыз, ғашықтар ағашы туралы аңыз, Вознесенский соборы мен бұрынғы губернатордың үйін байланыстыратын жерасты өткелі туралы қызықты әңгімелер талқыланды. Бұл оқиғалар қатысушылардың үлкен қызығушылығын оятып, олар жазушымен өзара сұхбат жүргізді.

 

Әдеби іс-шара қатысушыларға айтарлықтай эмоция сыйлады.

 

  alt=  

 

  alt=