қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
01.04.2021

Құрметті студенттер және ата-аналар!

 

2021 жылдың 29 наурызынан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 29.03.2021 жылғы қаулысына байланысты ағымдағы оқу жылының соңына дейін қашықтан оқыту форматына көшті.


Алматы COVID-19 таралу қарқыны бойынша қызыл аймаққа өтті. Күн сайын коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 500-ден астам жағдайы анықталуда. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша алдын алу шараларын қабылдауға байланысты барлық сабақтар онлайн-форматта өткізілетін болады.

 

Университет басшылығы Алматыдағы жағдайды бақылап отырады, өйткені студенттердің, оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі біздің бірінші кезектегі міндетіміз. Университет студенттері мен қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша барлық шаралар қабылдануда.


Жатақханалардағы жағдайға келетін болсақ, университетте бес жатақхана бар. Пандемия және қажетті санитарлық нормалар мен талаптарды сақтау жағдайында студенттерге жатақханалардан 814 орын бөлінді. Бірақ Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты біздің көптеген студенттер саналы түрде үйлеріне қайтуға шешім қабылдады. Қалада қалуға ниет білдірген студенттер жатақханада тұрып, онлайн оқуды жалғастырады.

 

Оқу форматы және жатақханада тұру мәселелері бойынша білім алушылар институт басшылығына хабарласуына болады.