қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.10.2024

Абай университетінде Ескендір Бестаймен кездесу өтті


2024 жылдың 5 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Teach for Qazaqstan» қоғамдық қоры мен «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен оқытушы-тренер, MIE educator, бала тәрбиесі бойынша тренингтердің авторы, «Ата-аналар клубы» қоғамдастығының негізін қалаушы, адами капиталды дамыту менеджменті бойынша жетекші маман Ескендір Бестаймен кездесу өтті. «Құндылықтар арқылы білім беру: Ұлттық сана мен болашақ мұғалімнің миссиясы» тақырыбындағы кездесуге университет оқытушылары, студенттер мен қонақтар қатысты.

 

Кездесу аясында Ескендір Бестай ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, заманауи білім берудің маңыздылығын және болашақ мұғалімдер миссиясының мәні туралы айтты. Сондай-ақ, іс-шараға қатысушылар құндылықтар мен білімнің байланысы, мұғалімдердің ұлттық сана қалыптастырудағы рөлі туралы өзара пікір алмасты.

 

Оқытушы-тренермен кездесу жоғары деңгейде өтті. Ол студенттердің танымдық көкжиегін арттырып қана қоймай, олардың көзі ашық, зиялы, адамгершілігі мол, жауапкершілікті мойнына ала білетін тұлға ретінде қалыптасуына өз ықпалын тигізді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=