қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.10.2024

«Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған дәріс


2024 жылдың 9 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті құқықтану кафедрасының 1 курс студенттеріне Алматы қаласы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Еркебұлан Жетпісбаев «Қазақстан Республикасының Әділет органдары» тақырыбында қонақтық дәріс өткізді.

 

Дәріс барысында Еркебұлан Жетпісбаев Әділет органдарының қызмет ету бағыттарына тоқталып, тәжірибесімен бөлісті. Ол өз өкілеттіктері шегінде жасалған жұмыстарының фото, видеоларын студенттерге ұсына отырып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

Қонақтық дәрісті ұйымдастырушы - аға оқытушысы, PhD доктор Рахимова Гакку.

 

  alt=