Main
News
11.10.2024 «Қаржылық сауаттылық» дәрісі 2024 жылдың 7-11 қазаны аралығында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен жатақхана студенттеріне арналған «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында психологиялық дәріс апталығы өтті. Дәріске №1, 2, 3, 8, 5 жатақханаларынан жалпы саны 150-ге жуық студент қатысты.
Іс-шараның мақсаты - студенттерге жеке қаржыны басқару дағдыларын үйрету, қаржылық шешімдерді дұрыс қабылдау, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізу мен ұзақ мерзімді қаржылық мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесетін білімді ұсыну болды.
Дәріс барысында қаржылық сауаттылықтың негіздері, жеке қаржыны басқару, бюджетті жоспарлау, инвестициялау, қарыздан сақтану тақырыптары талқыланды. Сондай-ақ, Психологиялық қолдау қызметінің мамандары аталған тақырыптар аясында мысалдар келтіріп, қаржылық қиындықтардан шығу жолдары мен психологиялық шешімдерін көрсетті. Ал студенттер қаржылық сауаттылықты арттыру арқылы дұрыс шешімдер қабылдау және бюджетті жоспарлау туралы маңызды ой түйді.
Шара соңында қатысушы студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан тұшымды жауаптар берілді.
Психологиялық қолдау қызметі
|