қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.10.2024

«Мейірімділік жүрек жұмсартар» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды


2024 жылдың 11 қазанында Психологиялық қолдау қызметі «Шаңырақ әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» қарттар күніне орай «Мейірімділік жүрек жұмсартар» акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық акцияға «Ниет» қайырымдылық клубының ерікті студенттері де өз үлесін қосты.

 

Аталмыш шара қарттарымыздың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіру және қарттармызға қамқорлық көрсетіп, менталды қолдау, ішкі қорқыныш сезімдерін, уайымын сейілту мақсатында «Әдемі қарттық шақ» психологиялық тренингі жүргізілді.

 

Тренинг барысында қолайлы психологиялық климат қалыптасып, жағымды атмосферада және шынайы әңгімелесу жағдайында өтті. Топ мүшелері тренингке белсенді қатысып, жеке тәжірибелерімен бөлісті. Шара соңында қарттарымыз тренингтен сергіп қалғандарын, бойларына күш пайда болғандарын айтып, ұйымдастырылған шараға ризашылықтарын білдірді.

 

Іс-шара соңында қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары таратылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі