қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.10.2024

THE WUR 2025 университеттерінің әлемдік рейтингісінің нәтижелері жарияланды


THE WUR 2025 университеттерінің жаһандық рейтингінің нәтижелері жарияланды, оған 115 елден 2860 жоғары оқу орны қатысты. Бұл рейтингтің негізгі мақсаты - зерттеу миссиясы тұрғысынан әлемдегі ең мықты университеттерді анықтауға көмектеседі. Биылғы жылдың үздік үштігі: Оксфорд университеті, Массачусетс технологиялық институты және Гарвард университеті.


Жоғары білім берудің қазақстандық сегментін 23 жоғары оқу орны ұсынды, оның ішінде рейтингтік тізімге 4 университет кіріп, қалған университеттерге Reporter мәртебесі берілді. Университеттердің рейтингтік тізімге енбеуінің себебі «Зерттеу сапасы» көрсеткіші 30% салмақты құрайтындықтан, әдістеме критерийлеріне сәйкес келетін жарияланымдар санының жеткіліксіздігімен байланысты болып отыр. Бүгінгі таңда профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істеп жатқан негізгі міндеті - Elsevier компаниясының Scopus деректер базасы арқылы индекстелген халықаралық ғылыми журналдардағы жарияланымдарды біртіндеп және дәйекті түрде арттыру.

 

  alt=  

 

Стратегия департаменті