қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.10.2024

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш  

 

Биыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. 100 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер күнтізбесіне енгізілген көрнекті балалар жазушысының құрметіне орай Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (ОҚБ)» мамандығы бойынша оқитын 1 және 4 курс студенттерінің ұйымдастыруымен белгілі тұлғаның жастығына «сапар жасау» үшін жан жақты бағдарлама дайындалды.

 

Студенттер Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің қызықты сәттерін қойылым ретінде сахналап, шығарма желісін бар ынтасымен көрсете алды. Сондай-ақ, автордың атақты туындысына қатысты викторина сұрақтары дайындалды. Қатысушылар «Менің атым Қожа» шығармасы әлемнің 68 тіліне аударылғанын, орыс тілінде жазылғанын және автордың сценарийі бойынша түсірілген фильм Канн халықаралық кинофестивалінде марапатқа ие болғанын білді. Кеш қонақтары мен қатысушыларды таңқалдырған бір ақпарат -  Б.Соқпақбаев Абай атындағы ҚазПИ филология факультетінде (Абай атындағы ҚазҰПУ) оқығаны жайлы да хабардар болды.

 

Іс-шараның құрметті қонақтары: Жақсылық Мұратбек - драматург, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» сыйлығының лауреаты, Әлібек Байбол - балалар жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушысы. Қонақтар студенттерге Б.Соқпақбаевтың өмірінен қызықты деректермен бөлісіп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді және оларға құнды кеңестер ұсынды.

 

Іс-шара бағдарламасының шығармашылық бөлімінде студенттер патриоттық әндер шырқап, өз шығармашылықтарынан өлеңдер оқып берді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=