Main
News
16.10.2024 CERCEC зерттеу орталығының ғалымдарымен кездесу 2024 жылдың 11 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінде Ресей, Кавказ, Шығыс Еуропа және Орталық Азияны зерттеу орталығы (CERCEC) делегациясымен кездесу өтті.
Делегация құрамында танымал ғалымдар, атап айтқанда, CERCEC-тің директорының орынбасары, тарихшы және CNRS зерттеушісі Изабель Оайон, CNRS-тің зерттеу директоры, тарихшы Катрин Гуссефф, «Cahiers d`histoire russe, est-europeenne, caucasienne et centrasiatique» журналының бас редакторы Валери Меликьян және басқалары болды.
Кездесу барысында Қазақстанның тарихы мен дініне арналған француз және отандық зерттеулер талқыланып, халықаралық ынтымақтастық мәселелері көтерілді.
CERCEC - Францияның Ұлттық ғылыми-зерттеу орталығымен (CNRS) және Әлеуметтік ғылымдар бойынша жоғары оқу орнымен (EHESS) бірлескен зерттеу орталығы. CERCEC командасының мамандығы 17 ғасырдан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді және бұрынғы кеңес блогынан Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азияға дейінгі аумақты қамтиды.
|