қазақша · русский · english
   
  Main  News
16.10.2024

Scopus және Web of Science. Master Journal List журналдарына ғылыми мақалаларды қалай дайындау керек?


2024 жылдың 14-15 қазаны аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география факультетінде Бурса Улудаг университетінің профессоры (Түркия), PhD Емин Атасой университеттің жас ғалымдарына, докторанттар мен магистранттарға «Scopus және Web of Science. Master Journal List журналдарына ғылыми мақалаларды қалай дайындау керек?» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатының мақсаты - жас зерттеушілерге халықаралық ғылыми базаларға мақалалар жариялау процесін түсіндіру және ғылыми журналдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

 

Профессор Емин Атасой ғылыми мақалаларды дайындаудың құрылымдық қадамдарын, тақырыпты дұрыс таңдау, зерттеудің өзектілігін көрсету, әдеби шолулар жасау, әдістеме мен қорытындыларды дұрыс баяндау тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, ол Scopus және Web of Science базаларына енетін журналдардың талаптары мен рецензиялау процесінің ерекшеліктеріне тоқталды. Шара барысында қатысушылар ғылыми мақалалардың сапасын арттыру, халықаралық журналдарға мақала ұсыну стратегиялары және рецензенттердің талаптарын қанағаттандыру жолдары туралы нақты кеңестер алды.

 

Бұл шеберлік сағат жас ғалымдар үшін ғылыми мақалалар жазу мен жариялау тәжірибесін жетілдіруге бағытталған маңызды қадам болып табылады, сонымен қатар халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялануға көмектеседі.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=