қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.10.2024

Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін «Күзгі бал» ұйымдастырылды


2024 жылдың 15 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаментінің қолдауымен «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдық және ардагерлердің 100 жылдығына арналған «Күзгі бал» дәстүрлі мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Арнайы Алматы қаласындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері үшін ұйымдастырылған іс-шараға қауымдастырылған профессор Гүлбахира Ширинбаеваның жетекшілігімен «Мейірім» клубының идеологиялық бағыты бойынша «6В01801-Әлеуметтік педагогика», «6B01901 - Арнайы педагогика» мамандықтарында оқитын 1-курстың ерікті-студенттері атсалысты.

 

Іс - шараның негізгі мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың ерлігі туралы тарихи естелікті сақтау және кешегі және болашақ ұрпақтар арасындағы байланысты қамтамасыз ету.

 

Іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, Қарулы Күштер мен Шекара қызметінің ардагерлері, қоғамдық қордың өкілдері мен студент жастар қатысты. Іс-шара аясында еріктілер ардагерлермен әңгімелесуге, оларға көмектесуге және Ұлы Жеңіс үшін алғыс айтуға мүмкіндік алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы