Main
News
21.10.2024 «Қазақ тілінің ұлттық корпусын оқытуда пайдаланудың тиімді жолдары» семинары 2024 жылдың 18 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен докторант, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Мурсал Айкеримнің «Қазақ тілінің ұлттық корпусын оқытуда пайдаланудың тиімді жолдары» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдеріне және магистранттар мен докторанттарға арналған семинар өтті.
Семинарға академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушылары, магистранттар мен доктаранттар, студенттер және №211 мектептің қазақ тілі мен әдебиет мұғалімдері қатысты. Семинар нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты әзірлеген «Қазақ тілінің ұлттық корпусы» таныстырылып, оны қолданудың практикалық үлгісі көрсетілді. Сонымен қатар Қазақ тілінің ұлттық корпусын оқытуда пайдаланудың тиімді жақтары айтылып, доктаранттар мен магистранттарға зерттеу жұмысы барысындағы практикалық маңыздылығы бірнеше жолдарымен түсіндірілді.
|