қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
12.11.2014

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде 6D010200 - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша философия докторы PhD ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған Туралбаева Алмаш Турганбаевнаның «Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы жағдайында дарынды балаларды тәрбиелеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақша.
Ғылыми кеңесшілер:
Абсатова Марфуга Абсатовна - педагогика ғылымдарының докторы,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры.
Незахат Гучлу(Nezahat GÜÇLÜ) - PhD білім докторы, профессор. Гази университеті (Анкара, Түркия).
Рецензенттер:
1. Ибрагимов Раскул
- педагогика ғылымдарының докторы, доцент. Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті.
2. Нурмагамбетова Ботагоз Амангелдиновна - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты.
Қорғау 2014 жылы желтоқсан айының 10-күні сағат 10:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы 6D010000 - Білім (гуманитарлық ғылымдар) диссертациялық кеңесінде өтеді.
Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Төле би көшесі 31, Педагогика және психология институты, 19-аудитория. e-mail: turarkhan.2011@mail.ru.

Туралбаева А.Т., диссертациясы

Аннотация үш тілде