Main
News
23.10.2024 «Тестология методикасы» семинары 2024 жылдың 18 қазанында 2024-2025 оқу жылының қысқы сессиясын ұйымдастыру мақсатында жалпы білім беру пәндері бойынша силлабустарды әзірлеушілер мен сарапшыларға арналған «Тестология методикасын» оқыту семинары өтті.
Семинарды Тестілеу орталығының басшысы Алмагүл Смағұлова жүргізді. Әзірлеушілер мен сарапшыларға тест тапсырмаларының әртүрлі формалары, яғни бір дұрыс жауапты таңдауға, альтернативтік және бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған сұрақтар туралы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, тест тапсырмаларын орындау уақытына қатысты маңызды мәліметтер айтылды.
Іс-шара барысында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасады. Сонымен қатар тест орындау барысындағы студенттердің уақытты тиімді пайдалануы және тапсырмалардың білім деңгейіне сай болуы керек екеніне ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар тарапынан тест тапсырмаларын әзірлеу барысында кездесетін қиындықтар және олардың шешу жолдары туралы сұрақтар көтерілді. Әсіресе, бірнеше дұрыс жауапты таңдауға арналған тесттердің тиімділігі мен студенттердің ойлау қабілетін дамытудағы рөлі қызу талқыланды. Әзірлеушілер мен сарапшылар жаңа әдіснаманың тестілеу үдерісіне оң әсер ететініне сенімді екенін білдіріп, тестология методикасының одан әрі дамуына үлес қосуға ниеттерін білдірді.
|