қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.10.2024

«Егемендік тұғыры мемлекеттің тірегі» дөңгелек үстелі

 

2024 жылдың 24 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ дене шынықтыру және спорт кафедрасының ұйымдастырылуымен 25 қазан - Республика күніне орай  «Егемендік тұғыры - мемлекеттің тірегі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

 

«Егемендік тұғыры - мемлекеттің тірегі» атты дөңгелек үстелдің мақсаты - заманауы студенттік жастар арасында патриотизмді арттыру, ұлттық рухты көтеру, Республика күнінің айрықша маңыздылығын ұғындыру және ұлттық сана сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру мен туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтарды тәрбиелеу.

 

Дөңгелек үстелдің ашылуында кіріспе сөз дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі, PhD Нұржан Төлегенұлына берілді. Ал, іс-шараның модераторы, аға оқытушы Казахбаева Гульнур қатысушыларды дөңгелек үстелдің мақсатымен таныстырып өтіп, баяндамашыларға сөз берді. Шара барысында Төлеухан Айзат, Көңілбек Алишер, Сағатбаева Рыскен, Көмек Жалғас, Көшкін Құндыз, Жайлау Нұрбатыр дөңгелек үстелдің мақсатына сәйкес баяндама оқыды.

 

«Егемендік тұғыры - мемлекеттің тірегі» атты дөңгелек үстелге Қазақ спорт және туризм академиясы дене мәдениеті және спорттың теориялық негіздері кафедрасының меңгерушісі Белегова Алия, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетітарих пәні оқытушысы Нусупбаева Салтанат, Алматы қаласының № 205 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жетенова Жанна, сонымен қатар дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс студенттері, дене шынықтыру және спорт кафедрасының профессорлар-оқытушылар құрамы қатысып, өз пікірлерімен бөлісті.

 

Дөңгелек үстел соңында кері байланыс орнатылып, іс-шараға қатысушыларды қызықтырған сұрақтарға профессор-оқытушылар құрамы жауап беріп, пікір алмасты. Аталған іс-шара жоғары деңгейде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=