қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.10.2024

«Ұлтымызды көтеретін – Тәуелсіздік» мерекелік іс-шарасы

 

2024 жылдың 28 қазанында Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Республика күніне арналған «Ұлтымызды көтеретін - Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасы, сондай-ақ Қазақстандық философиялық конгресс ұйымдастырды.

 
Іс-шараның мақсаты - қазақ халқының тарихы, тілі, мәдениеті және бірегейлігі сияқты негізгі аспектілерге баса назар аудара отырып, ұлттық сананың жоғары деңгейлерін қалыптастыру, жастар арасындағы этникалық толеранттылықты, әлеуметтік үйлесімділікті және патриоттық тәрбиені дамытуға ықпал ету болды.

 

Мерекелік іс-шараға саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі Жомарт Симтиков және кафедра оқытушысы Нұрлан Орынбеков қатысты. Студенттер сарапшыларға белсенді сұрақтар қойып, пікірталастарға қатысып, пікір алмасты. Бұл қатысушылар арасында жанды диалог пен өзара түсіністік ахуалын тудырды.

 

  alt=  

 

  alt=