Main
News
06.11.2024 «Жас ғалымдардың Қазақстан республикасындағы арнайы педагогиканың дамуына қосқан үлесі» интерактивті дөңгелек үстелі
2024 жылдың 1 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті арнайы педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас ғалымдардың Қазақстан республикасындағы арнайы педагогиканың дамуына қосқан үлесі» тақырыбында интерактивті дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге арнайы педагогика кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, арнайы педагогика білім беру бағдарламасының студенттері, магистранттар және докторанттар қатысты.
Іс-шараны Педагогика және психология факультетінің деканы Ғалия Абаева мен арнайы педагогика кафедрасының меңгерушісі Ақбота Аутаева кіріспе сөздерімен ашты.
Дөңгелек үстел барысында арнайы педагогика саласындағы ғылыми-зерттеу жұмысының өзекті мәселелері, зерттеу әдістері мен инновациялар, жас ғалымдарды мемлекеттік қолдаудың рөлі талқыланды.
Дөңгелек үстелді аға оқытушы Талғат Байдильдинов ұйымдастырды.
|