қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.11.2024

Абай университетінің профессоры Жапонияда өткен халықаралық семинарда сөз сөйледі


2024 жылдың 6 қарашасында Окаяма университетінде «Тұрақты даму мүддесіндегі инновациялық педагогикалық білім беру (TESD): Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі бірлескен көзқарас» тақырыбында халықаралық семинар өтті. «Core-to-Core» бағдарламасының қорытындысы ретінде ұйымдастырылған бұл семинарда тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) жетуде мұғалімдерді даярлаудың маңызы талқыланды, оған әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сарапшылар қатысты.

 

Аталған іс-шарада ерекше назарға ие болған спикерлердің бірі - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің PhD докторы, постдокторы, қауымдастырылған профессор м.а. және «Болашақ» бағдарламасының түлегі Айнұр Сейілхан. Айнұр Сейілхан «TESD бойынша құзыреттер мен бағалау» тақырыбындағы екінші панельдік талқылауда сөз сөйлеп, тұрақты даму қағидаттарын білім беру процесіне біріктіре алатын мұғалімдерді даярлаудағы құзыреттер мен бағалаудың маңыздылығын атап өтті. Оның баяндамасы халықаралық аудитория арасында үлкен қызығушылық тудырып, Қазақстанның жаһандық тұрақты білім беруге қосқан маңызды үлесін айқындады.

 

Семинарда Йорк университеті ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Чарльз Хопкинс «Тұрақты даму мақсатындағы мұғалімдерді оқытудың өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында дәріс оқыды. Сондай ақ жас ғалымдардың постерлік таныстырылымдары да семинарға қосымша мазмұн беріп, тұрақты даму мақсатындағы білім беру саласындағы мәселелер мен болашағын тереңірек талқылауға ықпал етті.

 

Бұл іс-шара тұрақты даму мақсаттарына қолдау көрсететін білім беру стратегияларын жетілдіруге бағытталған халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға арналған маңызды платформа болып табылады. 

 

  alt=  

 

  alt=