Main
News
15.11.2024 «Музейдегі сол бір кеш» мәдени-танымдық іс-шарасы 2024 жылдың 14 қарашасында ҚР Мемлекеттік орталық музейінің ұйымдастыруымен «Музейдегі сол бір кеш» мәдени-танымдық іс-шарасы өтті.
Аталған шараға «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы мен Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебінің қолдауымен университеттің өнерлі студенттері де қатысты.
Ата-бабамыздан жеткен тарихи мұраларымыз бен құндылықтарды құрметтейтін мамандарды қалыптастыруға бағдарланған акция, Алматыға еліміздің түкпір-түкпірінен білім алуға келген студенттердің басын қосып, халқымыздың тарихи-мәдени құндылықтарымен танысуларына мүмкіндік берді.
Мерекелік іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерінен өзге ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясының, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ және тағы басқа оқу орындарының білім алушылары да қатысты.
Шара барысында ҚазҰПУ студенттері арнайы шеберлік сабақтары мен «Домбыра пати» сайысына қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Нәтижесінде Сорбонна - Қазақстан институтының студенті Дария Кетебай, Филология факультетінің студенттері Мадина Сырлыбаева, Жанел Сайлаубай, Өнер факультетінің студенттері Тұрар Досали мен Айбарыс Сауытхан алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейінің басшылығы Абай университетіне алғыс білдірді. Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.
«Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы |