қазақша · русский · english
   
  Main  News
18.11.2024

 «Өмір — біздегі ең қымбат нәрсе»


2024 жылдың 12 мен 14 қарашасында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Өмір - біздегі ең қымбат нәрсе» оқыту курсы өтті. Курсқа Абай атынддағы ҚазҰПУ Психологиялық қолдау қызметінің психолог мамандары қатысты.

 

Оқыту курсының мақсаты - психолог мамандарға студенттердің психологиялық денсаулығын сақтау бойынша және ЖЖБИ ауруларының алдын-алу, жыныстық тәрбие, зиянды әдеттер мен суицидтің алдын алу мәселелері туралы білімдерін шыңдау және теориялық-практикалық тәжірибелерін арттыру.

 

Оқыту курсы барысында Орталық Азиядағы Психоанализ институтының директоры, психоаналитик Анна Құдиярова «Суицид профилактикасы» бойынша маңызды баяндама жүргізіп, қатысушылар арасында суицидтің алдын-алу бойынша практикалық жаттығулар жүргізді. Сонымен қатар, психоаналитик Салтанат Құттыбаева «Зиянды әдеттердің алдын-алу» бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Оқыту курсы барысында «Гендерлік және басқа да зорлық-зомбылық түрлерінің алдын алу бойынша педагогтерді үйрету» тақырыбында медицина ғылымдарының магистрі, репродуктивті денсаулық бойынша КМПА тренері Жанна Власова семинар жүргізді.

 

Бұл оқыту курсы психолог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және студенттердің психологиялық денсаулығын жақсартуға бағытталған маңызды шара болып табылады. Мамандар алған білімдерін білім алушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында тиімді қолданады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Психологиялық қолдау қызметі