Main
News
21.11.2024 Мектепке дейінгі ұйымдарда заттық дамытушы ортаны ұйымдастыру мәселесі әдістемелік тұрғыда талданды
2024 жылдың 21 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті «6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес 2 курс студенттеріне «Ерте балалық шақ педагогикасы» оқу пәнінен п.ғ.м., оқытушы А.А.Ауезова ашық семинар сабағын өткізді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып білім беру стандартына сәйкес топтарда заттық дамытушы орта құруға негіз болатын теориялық білімдері тиянақталды. Студенттер заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптарды анықтап, заттық дамытушы ортаның құрылымдық элементтеріне сипаттама берді. Сабақта «Wordwall», Kahoot және тағы басқа цифрлық технологиялар пайдаланылды. Студенттер ерте жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, заттық дамытушы ортаның тиімділігін, қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуді меңгерді.
Ашық сабаққа мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының профессор-оқытушылары қатысты: Ұ.Қыяқбаева Ғ.Таубаева, А.Айтпаева, Ж.Асанханова, С.Еркебаева.
|