Main
News
19.01.2018 «Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық саясаты» семинары
2018 жылдың 15 қаңтары күні «Кәсібилік және педагогикалық шеберлік» қысқы мектебінің аясында «Абай атындағы ҚазҰПУ Академиялық саясаты» семинары өтті.
Оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сатмұрзаев қатысушыларды семинардың ашылуымен құттықтай отырып, Университеттің академиялық саясатына енген негізгі өзгерістермен таныстырды.
Семинарда модульдік білім беру бағдарламаларының мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, олардың қалыптасу механизімін одан әрі жетілдірудің қажеттілігі айтылды. Қолданыстағы пәндерді мұқият талдау және логикалық-уақытша жүйелілігін ескере отырып, олардың модульдерін біріктіру, модульдегі және пәннің ECTS оңтайлы санын анықтау, модульдік білім беру бағдарламаларын және т. б. жобалаларға жұмыс берушілерді тарту мәселелері сөз болды. Сондай-ақ, педагогикалық жүктемені жоспарлау, жеке білім беру траекториясын қалыптастыру, ұйымдастыру және тәжірибеден өту, түлектерді жұмысқа орналастыру туралы айтылды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім |