Main
News
12.12.2024 Abai Honors College студенттері білім беруді цифрландыруға арналған жобаларын сәтті қорғады Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Abai Honors College қосымша бағдарламасы бойынша студенттер «Педагогтың кәсіби іс - әрекетіндегі цифрлық құралдар» курсының қорытынды сабақтарында өздері әзірлеген жобаларын қорғады.
Онлайн форматта ұйымдастырылған практикалық сабақтарда студенттер келесідей жаңа цифрлық ресурстарды: Eduaide.AI, Educaplay, wordwall, examer, socrative, MagicSchool.ai, Quizlet және D-id Studio жасанды интеллект бағдарламасын өз бетінше меңгеріп, топқа таныстырды. Студенттер курс бойынша біршама жаңа білім игеріп, педагогқа қажет түрлі цифрлық ресурстар меңгергенін, курстың оң нәтижесін атап көрсетіп, алғыстарын білдірді.
Abai Honors College қосымша бағдарламасын жүзеге асыру гранттық қаржыландыру жоба (ИРН АР19677510) аясында жүзеге асуда. Жоба жетекшісі профессор Марфуга Абсатова.
|