Main
News
13.12.2024 Тарих және құқық факультетінің спартакиада нәтижесі
2024 жылдың 7 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушылар мен қызметкерлер арасында спартакиада өтті. Шара әр түрлі факультеттердің ең белсенді өкілдерін біріктірді. Спартакиадаға Тарих және құқық факультетінің оқытушылары да белсенді қатысты. Олар спорттың шахмат, үстел теннисі, арқан тарту және волейбол сияқты түрлеріне ерекше белсенділікпен қатысып, өз бақтарын сынап көрді.
Жарыстар достық атмосферада өтті, қатысушылар жоғары спорттық рух пен ұйымшылдықты көрсетті. Спартакиада нәтижесінде Тарих және құқық факультеті 70 мың теңгелік сертификатқа ие болды.
Спартакиада тек спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар бірлік пен достықтың мерекесіне айналды. Мұндай іс-шаралар командалық рухты нығайтып, корпоративтік мәдениетті дамытуға және қызметкерлер арасында жақсы көңіл-күй қалыптастыруға ықпал етеді.
|