қазақша · русский · english
   
  Main  News
13.12.2024

«Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау: профилактика және дұрыс күтім» педиатр кеңесі


2024 жылдың 12 желтоқсанында мектепке дейінгі білім беру және əлеуметтік педагогика кафедрасының философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. Асем Булшекбаеваның ұйымдастыруымен «Мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтау: профилактика және дұрыс күтім» тақырыбында маңызды кездесу өткізілді.

 

Аталған шара медицина ғылымдарының магистрі, Dobro Medical клиникасының жоғары категориялы педиатры Жансая Мырзагуловамен бірлесе ұйымдастырылды.

 

Кездесу арнайы «Балалар психологиясы» пәні аясында «6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру» бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналды. Білім алушылар үшін бала денсаулығын сақтау және оны нығайтудағы маңызды мәселелер бойынша құнды ақпараттар беріліп, профилактикалық шаралардың өзектілігі мен дұрыс күтімнің негіздері талқыланды.

 

Іс-шараға кафедраның философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор м.а. Анар Алимбекова және педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а. Назира Атемкулова қатысып, мектеп жасына дейінгі баланың денсаулығы және оның психологиялық дамуы туралы өз ойларымен бөлісті.

 

Дәрігер Жансая Мырзагулова балалардың денсаулығын қорғау үшін дұрыс тамақтану, физикалық белсенділік және алдын-алу шараларының жүйелі жүзеге асырылуы қажеттігін атап өтті.

 

Бала денсаулығын сақтаудағы отбасының және балабақша педагогтерінің жауапкершілігі, әсіресе күн тәртібі мен жеке гигиенаны үйретудің маңыздылығы болашақ педагог-тәрбиешілерге мұқият түсіндірілді.

 

ЖРВИ, тұмау, аллергиялық реакциялар сияқты аурулардың алдын-алу және ерте анықтау тәсілдері айтылды. Мамандар бала психологиясын қолдаудың денсаулыққа оң ықпал ететінін ғылыми негіздермен дәлелдеп, практикалық кеңестер ұсынды. Студенттер бала денсаулығын сақтаудың маңыздылығы туралы теориялық және практикалық білімдерін кеңейтті. Педиатр маманмен тікелей байланыс орнату арқылы болашақ педагогтер балалардың денсаулығын бақылауда қолданылатын нақты әдістермен танысты. Тәжірибелі оқытушылар мен медицина мамандарының пікір алмасуы білім беру мен медицина салаларының интеграциясын нығайтуға мүмкіндік берді. Кездесу соңында студенттер тақырып бойынша сұрақтар қойып, қызығушылық танытты. Жансая Мырзагулова балалардың денсаулығын күту мен қорғауда ғылыми және тәжірибелік кеңестерімен бөлісіп, студенттердің алдағы кәсіби қызметіне қажетті құнды ұсыныстар берді. Бұл шара студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруда, денсаулық сақтау саласы бойынша қажетті білімдерін жетілдіруде маңызды қадам болды.

 

  alt=  

 

  alt=