Main
News
25.12.2024 Мектеп оқушыларымен өткізілген кәсіби бағдар беру жұмыстары 2024 жылдың 24 желтоқсанында С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілді. Аталған мектептің 11 сынып оқушыларымен кездесу барысында Абай университетінің практиканттары «ҚР тұңғыш университеті» тақырыбында мазмұнды сабақтар өткізді.
Кездесу барысында университеттің 96 жылдық тарихы мен білім беру саласындағы жетістіктері жан-жақты таныстырылды. Университет өкілдері оқу ордасының халықаралық QS рейтингісіндегі орны, шетелдік университеттермен байланысы және академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, университеттің бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының ерекшеліктері егжей-тегжейлі айтылды. Практиканттар университеттің білім беру бағыттарындағы инновациялық тәсілдерге ерекше тоқталып, заманауи педагогика мен ғылымның интеграциясы туралы айтып өтті. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, оқу барысында ұсынылатын гранттық бағдарламалар, зертханалық базалар, кітапхана қорлары және студенттерге арналған әлеуметтік қолдаулар туралы мәлімет ұсынылды.
Кездесу барысында оқушылардың қызығушылығын тудырған негізгі тақырыптар: Университеттің халықаралық әріптестігі және шетелде оқу мүмкіндіктері; Педагогика, филология, психология және басқа да мамандықтардың еңбек нарығындағы сұранысы; Университет базасындағы ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмысы.
Сабақтар 11-сынып оқушыларының болашақ мамандықтарын таңдауда маңызды көмек беріп, Абай университетіне деген қызығушылықтарын арттырды. Қатысушылар университеттің Қазақстандағы жетекші жоғары оқу орындарының бірі екенін мойындап, оқу ордасының жаңа мүмкіндіктеріне ерекше ынтамен қарады.
Ұйымдастырушылар: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің практиканттары (Маликова Улжан, Рымхан Ақжарқын, Тұғылшиева Құралай, Бейсеналы Аяулым, Жекен Анара, Жалғасбаева Гүлбақыт). Жетекшілері: Балабекова. Қ. Ш, Ибраева. А. Д.
|