қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
20.02.2018

Алматыда студенттер арасында айтыс өтті

 



«Менің пірім - Сүйінбай». Осындай атаумен биыл екінші рет студенттер арасында айтыс өтті. Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпіріндегі 28 жоғары оқу орнынан 54 шайыр қатысты. Финалға арасынан суырылып тек 16-сы шыққан. Жүлде қоры - 3 миллион теңге. Ал орынға ие бола алмаған 12 ақынға Абай, Сәкен Сейфуллин, Ахмет Байтұрсынұлы, Мәлік Ғабдуллин сынды қазақтың бетке ұстар азаматтары атындағы арнайы жүлде берілмек. Айтыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық торқалы тойы аясында өткізіліп отыр.

 

«Айтыстың да негізгі идеясының біреуі. Сол республикадағы талантты, жоғарғы оқу орнындағы айтыс өнерінің бетке ұстар жастары осы жерге келіп, өздері бір үлкен осындай бір жарыста өздерінің бақтарын сынап көрсе деген оймен шақырып отырмыз. «Менің пірім - Сүйінбай» ол қазақтың айтысының өкілдері Сүйінбай, Жамбыл аталарымыздың ізін қуатын жастар осы бүгінгі республиканың жоғарғы оқу орындарында бар деген үмітпен осындай айтыс өтіп жатыр», - деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев.

 

20.02.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty.tv