Main /
Mass media about us
23.02.2018 Жаңа нұсқа тартымды да тиімді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінің латын графикасына негізделген, апострофты акутқа ауыстырған әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. 6 акутты (ноқатты) әріпті және де жаһандық тіл - ағылшыннан үйреншікті болып кеткен «ш», «ч» әріптерінің қосақ таңбасын пайдалану әлдеқайда тиімді әрі эстетикалық тұрғыдан алғанда тартымды шықты. Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың пікірінде айтылғандай, әліпбидегі апостроф арнайы белгі ретінде барлығын бөліп тұрып, интернеттегі іздеу мен қаржы қызметінде қиындықтар тудыратындығы өз алдына маңызды, әрине. Бірақ қазекем айтпақшы, «қарағанда көз тоятындай» болу да әліпбиге қажет деп ойлаймын. Әріптердің екеуін есептемегенде, қалған 30-ына бір дыбыс, бір таңба келіп тұрған соңғы нұсқа - көпшілік пікірінің ескерілгендігінің айқын көрінісі. Ендігі жерде мәселе сөзден іске тезірек көшіп, жаңа әліпби нұсқасының тиімді өміршеңдігін дәлелдейтіндей бағдарламалар жасап, оны көпшілікке түсіндіре отырып тарату қажет. Жалпы, жұрт болып талқылаған әліпби нұсқасы болашақтың әсем де қолайлы тілтаңбасына айналып, көптің керегіне жарайтын болсын.
Авторы: Ақтолқын Құлсариева, 23.02.2018 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz
|