қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
27.07.2021

Құрметті бакалавр студенттері!

 

«Академиялық ұтқырлық аясында шетелде оқуға арналған орындардың санын бөлу жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылғы 22 шілдедегі № 358 бұйрығы негізінде, Абай атындағы ҚазҰПУ 2021-2022 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін бакалавриат студенттері арасында конкурстық іріктеу жариялайды.

 

Студенттер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

- шет тілін білу туралы сертификат;
- ағымдағы оқу үлгерімнің транскрипті;
- шетел паспортының түрлі-түсті көшірмесі.


Құжаттар Халықаралық ынтымақтастық департаментіне 2021 жылғы 6 тамызға дейін төмендегі мекен-жай бойынша тапсырылуы қажет: Қазыбек би 30/1, 2 каб., Тел. 8 777 444 0991 немесе gulnara_t@mail.ru, acadmob@kaznpu.kz электронды мекен-жайына жіберіңіз.