АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА АРНАЛҒАН ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
А Қ П А Р А Т Т Ы Қ Х А Т
Құрметті әріптестер, студенттер және магистранттар!
2015 жылдың 7 сәуірінде Абай ат. ҚазҰПУ-дың филология институтына қарасты шетелдік азаматтарға арналған филологиялық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақстан халықаралық білім беру кеңістігінде» атты 7-ші жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтеді.
Ұйымдастыру комитеті ғылыми кызметкерлерді, ЖОО-ның оқытушыларын, студенттерді, магистранттарды және мектеп мұғалімдері мен жоғарғы сынып оқушыларын конференцияға белсенді атсалысуға шақырады.
Конференция жұмысының бағыттары:
- Педагогика ғылымдары
- Ұлттық тәрбие
- Филологиялық ғылымдар
- Көптілді білім беру: мәселелері мен болашағы
- Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
- Мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары
Конференция тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Конференцияға іштей және сырттай қатысуға болады.
Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ шығарылады, тіркеу кезінде қатысушыларға таратылады немесе пошта арқылы жіберіледі
Конференцияға қатысу және жинақты шығару үшін:
1. 2015 жылдың 15 наурызына дейін конференция жұмысына қатысу жөнінде өтініш пен мақаланы ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына жіберілуі тиіс (үлгі бойынша); Мақала көлемі 5 беттен аспауы тиіс. Парағы - А4. Шрифт: Microsoft WORD, Times New Roman (Times New Roman KZ), өлшемі - 14, жол аралығы - 1 интервал. Беттің көлемі - сол жағы - 2 см, оң жағы - 2 см, жоғары және төменгі жағы - 2 см; Конференцияның ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы квитанцияның көшірмесін мына мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: rus.kafedra@mail.ru
2. Мақалалар мен өтінімдер төмендегі мекен-жай бойынша қабылданады: шетелдік азаматтарға арналған филологиялық пәндер кафедрасы (217 офис) Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика, физика және информатика институты Төле би көшесі, 86, Алматы қаласы, сондай-ақ төмендегі электрондық поштаға жіберуге болады: е-mail: rus.kafedra@mail.ru. Конференцияның ұйымдастыру жарнасы - 3 000 теңге.
Конференция қатысушыларының жатын орны, тамақтануы іс-сапарға жіберуші ұйым тарапынан төленеді.
Материалдарды рәсімдеу ережесі:
1. Мақала атауын ортада орналастыру керек (бас әріптермен, 14 кегль).
2. Төменнен ортаға қарай автордың тегі, аты- жөні (жартылай жуан қаріп,12 кегль).
3. Тегінің астына өзіңіздің мекемеңіздің аты, қала аты (10 кегль)
4. Электронды пошта (курсив, 10 кегль)
5. Жиектері: жоғары- төмен, оң және сол жақтары - 20 мм, кітаптық бағыт
6. Жол аралық интервал- бірлік 1,0
7. Әдебиеттерді төмендегі үлгі бойынша рәсімдеу керек:
1. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура: Лингвострановедение в преподавании русского языка как иностранного. - М.: Русский язык, 1990. - 269 с.
2. Абилгалиева М.Х. Сопоставительный анализ соматической фразеологии казахского и немецкого языков: автореф. ... канд. филол. наук: 10.02.06. - Алма-Ата, 1992. - 23 б.
Мәтін ішіндегі сілтемелер келесідей теріледі: [1, 11], 1- әдебиет атауы, 11- бет.
Қатысушылардың өтінішін келесі үлгі бойынша дайындау керек
Конференцияға қатысушының өтініші:
Ф.И.О.(толығымен)
|
|
Жұмыс орны
|
|
Қызметі
|
|
Атақ, дәрежесі
|
|
Баяндама тақырыбы
|
|
Секция
|
|
Қала
|
|
Оқу орны, кафедра атауы
|
|
Пошта мекен-жайы
|
|
e-mail
|
|
Байланыс телефоны, факс
|
|
Мақалалар мен өтініштер мына мекен-жайда қабылданады:
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика, физика және информатика институты Төле би көшесі, 86, Алматы қаласы. Электрондық пошта: е-mail: rus.kafedra@mail.ru
Конференцияға қатысушыларды тіркеу 2015 жылдың 7 сәуірінде сағат 09.00 -10.00 дейін Абай атындағы ҚазҰПУ-дың математика, физика және информатика институты оқу корпусының 3-этажында акт залында (Төле би көшесі, 86) өтеді. Бас ғимаратында өтеді (кіші акті залы, Достық, 13). Конференцияны ұйымдастыру жарнасын қолма-қол немесе төмендегі деректемелер бойынша төлеуге болады:
Банк «ЦЕНТР КРЕДИТ»
Казабеева Виталия Алексеевна
Номер счета КZ 058 560 000 003 273 362
ИНН 78 04 17 400 202
Конференция жұмысының басталуы: 7 сәуір 2015 ж., сағ 10.00
Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары:
Шетел азаматтарына арналған филологиялық пәндер кафедрасы - 8(727)261-65-98,
Кафедра меңгерушісі Бегалиева Сәуле Баязқызы - 8(702) 777 16 04
Жауапты хатшы Оңалбаева Айгүл Тыныбекқызы- 8 (701) 723 11 97.
Ұйымдастыру комитеті