Main /
Announcements
20.10.2021 «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» КЕАҚ институттар бойынша бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ бойынша - 6 орын - «Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламаларының жетекшісі - 1; ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ИНСТИТУТЫ бойынша- 3 орын - Биология білім беру бағдарламасының жетекшісі - 1;
ӨНЕР, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ ИНСТИТУТЫ бойынша - 5 орын - Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі - 1;
СОРБОННА-ҚАЗАХСТАН ИНСТИТУТЫ бойынша- 3 орын - Экономикалық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі - 1;
ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ бойынша- 4 орын - Құқықтану кафедрасының меңгерушісі - 1;
МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ИНСТИТУТЫ бойынша- 4 орын - Математика және математикалық моделдеу кафедрасының меңгерушісі - 1;
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БЕРУ ИНСТИТУТЫ бойынша- 5 орын - Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі - 1; ШЕТЕЛДІК АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘНЕ ЖОО-на ДЕЙІНГІ ДАЙЫНДЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ (Foundation) бойынша- 1 орын - Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі - 1. Конкурстық іріктеу үдерісіне қатысушыларға қойылатын талаптар:
Кафедра меңгерушісі лауазымына: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, педагогикалық немесе басшы қызметіндегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуға тиіс.
Конкурстық іріктеу үдерісіне қатысатын үміткер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесідей құжаттарды тапсыруға тиіс: 1. ҚазҰПУ-нің қызметкерлеріне: - Университет Басқарма төрағасы - ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініші;
2. Сыртқы үміткерлерге: - Университет Басқарма төрағасы - ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш; - Институттың ғылыми кеңесінің, кафедра отырысының хаттамалық шешімдері бойынша университеттің Персоналды басқару бөлімінен қосымша ақпарат алу ұсынылады;**
ПОҚ бос ауазымына үміткер анкетасы (Анкета толтырудың үлгісі)
* Үміткерлерге арналған сауалнамасының электронды файлын сақтауға қойылатын талаптар:
Үміткердің тегі_аты_кафедрасы_сауалнама (Аты-жөні жеке куәлігі бойынша).
Үлгі: Абаев_Абай_Дизайн_Сауалнама. Үміткерлерге арналған сауалнаманы жіберуге арналған электрондық пошта: hr.konkurs@abaiuniversity.edu.kz
** Құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін институт директорлары 7 жұмыс күні мерзімінде кафедра мен институттың Ғылыми кеңесінің отырыстарын өткізіп кафедра меңгерушілері мен білім беру бағдарламалары жетекшілерінің бос лауазымдарына орналасуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттарын қарауға тиіс. Кафедра отырысы мен Институттың Ғылыми кеңесінің шешімдері ұсынымдық сипатта болады, конкурстық комиссияның қарауына беріледі.
Құжаттар тізімге сәйкес ұсынылмаған жағдайда үміткердің өтініші қанағаттандырылмайды.
Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қ-сы, Достық даңғылы, 13. Персоналды басқару бөлімі (каб.№103); сағат 09.30-дан 17.30-ға дейін.
Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29
|