қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.01.2014

2013 жылдың 20-желтоқсаны күні Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің Республикалық оқу-әдістемелік  Кеңесінің «Білім» тобы мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік секциясының «Педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіби стандарттар: дайындау, мәселелер, шешу жолдары» тақырыбында мәжілісі өтті.

Мәжіліске ҚР БжҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің РОӘК «Білім» тобындағы мамандықтары бойынша ОӘС-ның президиум мүшелері  және еліміздің жоғары оқу орындарының  өкілдері қатысты.

Мәжілісті университет ректоры С.Ж. Пірәлиев   ашып, көтеріліп отырған проблеманың өзектілігіне тоқталды. Мәжіліс барысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры,  доцент, тех.ғ.к. В.И. Цой  «Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік жүйесінің концептуалды бағыттары: әдістемелік және педагогикалық қызметке қойылатын талаптар», Абай атындағы ҚазҰПУ жанандағы РОӘК ОӘС-ының ғалым-хатшысы А.Ж. Мусина «Жаңа педагогикалық мамандандырулар - қазіргі заман талабына жауап», Абай атындағы  ҚазҰПУ доценті, п.ғ.к. А.Т. Искакова   «Ұлыбританиядағы мектепке дейінгі саладағы мамандарды даярлау», Абай атындағы  ҚазҰПУ доценті, п.ғ.к. Л.А. Лебедева «Қазақстан Республикасында білім беру ісін реформалаудағы  педагогикалық мамандықтар  бойынша кәсіби стандарттарды  дайындаудың  ерекшеліктері» тақырыптарында баяндамалар жасады.

Қатысушылар педагогикалық мамандықтар бойынша кәсіби стандарттар төңірегіндегі өз ойларын  ортаға салды. Мәжіліс соңында резолюция қабылданды және талқылаудан өткен оқу құралдары Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы  РОӘК «Білім»  тобы  мамандықтары бойынша ОӘС-нің  грифімен жарық көру үшін баспадан шығаруға ұсынылып, оқулықтарға  ҚР БҒМ-нің грифін беруге ұсыныс жасалды.