қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
11.11.2021

«Машиналар механикасы және робототехникалы жүйелері математикалық модельдеу» халықаралық семинары өтеді


2021 жылғы 19 қараша сағат 9.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы «Машиналар механикасы және робототехникалы жүйелері математикалық модельдеу» халықаралық ғылыми-практикалык семинар өткізеді.


Іс-шара онлайн/офлайн режимінде өтеді: Алматы, Төле би көш. 86 , Абай атындағы ҚазҰПУ Математика, физика және информатика институтының акт залы -3 қабат

Ұйымдастыру комитеті
Төрағалар:

1. Б.Т.Жұмағұлов ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
2. Д.Н.Біләлов Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректоры, PhD докторы

Төрағаның орынбасарлары:
1. М.Н.Калимолдаев ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА бас ғылыми хатшысы
2. А.Қ.Төлешов ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ө.А.Жолдасбеков атындағы ММИ бас директоры
3. Т.Қ.Рамазанов ҚР ҰҒА академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор
4. М.Ә.Бектемесов ҚР ҰИА корреспондент мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ басқарма төрағасының орынбасары- академиялық мәселелер жөніндегі проректор
5. Е.А.Бөрібаев заң ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ зерттеу қызметі жөніндегі проректор

Спикерлер:
1. А.Қ.Төлешов ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ө.А.Жолдасбеков атындағы ММИ бас директоры
2. Е.С.Темірбеков техника ғылымдарының докторы, профессор (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ)
3. Г.Я.Пановко Ресей инженерлік академиясының академигі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, техника ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Машина жасау институтының діріл механикасы зертханасының меңгерушісі (Мәскеу, Ресей)
4. М.А.Бектемесов ҚР ҰИА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ)
5. В.Г.Хомченко техника ғылымдарының докторы, профессор, Омбы мемлекеттік техникалық университетінің «Автоматтандыру және робототехника» ғылыми орталығының жетекшісі (Омбы қ., Ресей)
6. А.А.Жомартов техника ғылымдарының докторы, профессор (Ө.А.Жолдасбеков атындағы ММИ)
7. Қ.Бисембаев техника ғылымдарының докторы, профессор (Абай атындағы ҚазҰПУ)

19 қараша 2021 ж. Семинар кестесі
9:00-9:30 Қатысушыларды тіркеу (онлайн/офлайн) (МФИИ 3-қабатының фойесі)
9:30-11:00 Семинар отырысы (онлайн/офлайн) (IMFI акт залы - 3-қабат)
11:00-12:30 МФИИ Ғылыми кеңесінің отырысы (қорытындылау)