Main
News
09.04.2018 «Замануи әлемдегі орыс тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел
2018 жылдың 5 сәуірінде орыс тілі мен әдебиеті кафедрасымен ұйымдастырылған Ғылым онкүндігі аясында Филология және көптілді білім беру институтында «Замануи әлемдегі орыс тілі мен әдебиеті» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариеваның алғы сөзімен басталды. Проректор ғылыми кездесулердің маңыздылын атап өтіп, дөңгелек үстелге қатысушылар мен шетелдік қонақтарды қошеметтеп, барлығына жемісті жұмыс тіледі. Сонымен қатар, университет жетекшілігі атынан барлық халықаралық дөңгелек үстел қатысушыларын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға шақырды.
Алматы қаласындағы Ресей Федерациясының негізгі Консул орталығының консулы Ирина Переверзева өз сөзінде орыс тілін ұлтаралық тіл ретінде қызметінің өзгермегенін атап өтті. Ирина Переверзева - біздің университетіміздің іскерлік серіктесіміз және досымыз. Өзінің жұмыс бастылығына қарамастан, ол әрдайым біздің шақыруларымызға үн қатады. Оның баяндамасы тыңдаушыларға өз эмоционалдығымен және тереңдігімен есте қалды.
Профессор Дамина Шайбакова «Орыс тілі плюрицентристік тіл ретінде» тақырыбындағы баяндама жасады. Баяндамада тыңдаушыларға орыс тілін ғылыми зерттеудің бағыттарының бірі - социолингвистік көрінісінен көрсетті.
№165 мамандырылған лицейдің жоғарғы сынып оқушылары орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының көптеген іс-шараларының жиі қонақтары. Бұл лицейдің оқытушысы - ҚР-на танымал орыс тілі мен әдебиет оқытушысы, ф.ғ.к. Марина Асылбекова біздің университеттің түлегі. Осы жолы мектеп оқушылары жас ұрпақтың тіліндегі үдерістері жайлы өз түсініктерімен бөлісті.
2 курс магистранты Нұргүл Еркабылованың «Екі тілді қазақстандықтардың сөйлеу тілдеріне бақылаулар» тақырыбындағы баяндама аудиторияны қатты қызықтырды. Өзінің құрдастарының тірі сөйлеулерінен, БАҚ тілінен, шығармашылық әдебиеттен және қазақстандық кинематография кейіпкерлерінің сөздерінен жас зерттеуші қос тілдердің сөздеріндегі ерекшелігінің типологиясын көрсеттіп, тілдердің өзара ықпалдарының классификациясының бірнеше нұсқаларын ұсынды.
Осыдан екі жыл бұрын ғана ф.ғ.к. Светлана Никитина орыс тілі мен әдебиетінің мүшесі болған. Дегенмен де Ресей көшсе де, өз мамандығына адал болып қалды. Мәскеу түбіндегі гимназияның ғылыми-методикалық жұмыс жөніндегі директор орынбасары қызметінде Светлана Никитина орыс тілінің Ресей мен Қазақстандағы заманауи жағдайын қызықты бақылаулар жасауда.
Біздің кафедрамыздың жиі қонағы - Қазақстандағы орыс тілі мектептерінің ұстаздар төрағасы Наталья Вдовина баяндамасында ол қазақстандық оқушыларының орыс тілінен халықаралық олимпиададағы жетістіктері туралы атап өтті. Ассоциация орыс тілінде оқыту мектептеріндегі ұстаздарға жыл сайын біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырады. Жазғы демалыс уақытында бастауыш сыныптар және орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне Ресейдің түрлі білім беру орталықтарында тағылымдамадан өтеді.
Орыс тілі мен әдебиетінен Республикалық олимпиаданың өткен жылғы жеңімпаздары, студент-түлектеріміз қызықты, бірақ нұсқалы көрініс көрсетті. Олар ойланбастан жастар слэнгтарын қолданатын адамдарды күлкіге салып, поэт Вадим Шефнердің сөзімен аяқтады: «сөйлеу - адамдардың ғажабы - сарқылмасын».
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева іс-шараны қорытындылап, орыс тілінің қазіргі жағдайдағы маңыздылығы мен Қазақстанда тілдің толықтай қызметі мен дамуы туралы айтты. Студенттерге арналған сөзінде бүгінгі ғылыми кездесу тек қана ақпараттық қана емес, сонымен қатар өзінің жарықтығы мен шығармашылық атмосферасымен есте қалатындығын атап өтті.
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы |