қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.04.2018

2018 жылғы Ғылым онкүндігінің қорытынды сессиясы


2018 жылдың 2-12 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Ғылым онкүндігі» аясында 70 іс-шаралар өткізілді.


Ғылым онкүндігінде отандық және шетел ұйымдардан шақырылған ғалымдардың ғылымның өзекті мәселелері бойынша 19 дәрістер оқылып, 7 көрме, 2 мастер-класс, 7 экскурсиялар, 3 олимпиада, ғылым ардагерлерімен 5 кездесу, 7 дөңгелек-үстел, 4 конференция, 4 викторина, 5 презентация, 6 ғылыми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырылды.


«Ғылыми онкүндік» аясында өткен іс-шараларға Қазақстан Республикасының атақты ғалымдары мен қайраткерлері, Франция мен Ресейдің (Мәскеу және Новосибирск) атақты ғалымдары, Университеттің проректорлары мен Ғылым департаментінің қызметкерлері қатысты.


Іс-шаралар барысында білім алушылардың танымдық қызметін дамытуға қажетті қызықты, оқиғалы сайенс-ивенттер ерекше атап көрсетілді. Экскурсиялар, викториналар, көріністер студенттер мен магистранттардың қызығушылықтарын оятты. Ботаника және фиторепродукция институтының «Экспериментариум» музейіне, Республикалық геологиялық музейіне, ҚР ҰҒА, Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ғылыми орталықтарға экскурсиялар ұйымдастырылды. Сонымен қатар студенттер мен магистранттар университетіміздің физика-технологиялық оқу-ғылыми зертханадағы радиациялық үдеткішпен танысты. Бұл зертханамен Шет тілдер және іскерлік карьера университеті жанындағы колледж студенттері де танысты.


Ғылыми онкүндігі аясында университет музейінде студенттер мен оқытушылардың көркем өнер көрмесі ұйымдастырылды. Барлық институттар ғалым-ұстаздарының еңбектерін таныстыру мақсатында кітап көрмесінің өткізілгенін ерекше атап өту қажет. Тарих және құқық институты танымдық лекцияға ұласқан археологиялық көрме өтті.


Ресей Федерациясының консулы Ирина Переверзеваның қатысуымен өткен «Орыс тілі мен әдебиеті заманауи әлемде» халықаралық дөңгелек-үстелінге Алматы қаласының №165 орта мектептің оқушылары белсене қатысып, баяндама оқыды.


Ғылыми-танымдық викториналар студенттердің ерекше қызығушылығын оятты. Тарих және құқық институтының студенттері «Білімгерлер» («Умники и умницы») викторинасына қатысты, Қазақстан тарихы және әлем тарихы бойынша жоғары деңгейдегі білімдерін көрсете білді. Сонымен қатар, Филология және көптілді блім беру институты «Что? Где? Когда?» атты институт аралық викторина ұйымдастырды. Аталған сайыс 4 студент-топтары арасында өткізілді: Өнер, мәдениет және спорт институты, Педагогика және психология институты, Математика, физика және информатика институты. Сайыстың барысы Өнер, мәдениет және спорт институты студенттерінің ән-күй, би өнерімен ұласты.


Тарих және құқық институты ұйымдастырған «ҚР Құқық қорғау органдарының реформасы» атты дөңгелек-үстелді ерекше атап өту қажет. Бұл іс-шара қылмыстық заңнама саласында демократизацияның өзекті мәселелері талқылануымен ерекшеленеді.


Жаратылыстану және география институтының доценті Бахадүр Абдиманаповтың «5-сыныпқа арналған Жаратылыстану оқулығының көрнекі-құралдарын тиімді пайдалану» презентациясы ерекше қызығушылық тудырды, заманауи оқулықтың мазмұны мен дизайның негізгі қағидалары жан-жақты қарастырылған.


«Ғылыми онкүндік» барысында студенттік ғылыми олимпиадалар өткізілді. Бұл іс-шараның салтанатты ашылуына Мәскеу және Новосибирсктің ғалымдары қатысты. Мәскеу қаласы педагогикалық университетінің жүйелік жобалар институтының директоры п.ғ.д., доцент С.Н. Вачкова «Педагогикалық өлшемдер мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды.


Ғылым онкүндігіне Қазақстан Республикасының атақты ғалымдары мен қайраткерлері: академик Дүйсембин Кабдрахман, жазушы Мамытбек Қалдыбаев, ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институтының директоры Зиябек Кабулдинов, ҚР ҰҒА академигі, Экономика институтының директоры Азимхан Сатыбалдин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Талас Омарбеков, Д.Қонаев атындағы Университетінің пророекторы Гүлнар Алибаева Ботаника және фиторепродукция институтының директоры, б.ғ.д. - Гүлнар Ситбаева және т.б.


Сонымен қатар аясында шетелдік ғалымдар, яғни Француз тілінде э.ғ.д., Лайла Порас «Қазіргі таңдағы әлем мемлекеттері бірлестігінің экономикалық теңсіздігі», шетел маманы Рожер Кудэ «Еуропалық құқық», профессор Йоргус Ризопулос «Өндірістік экономика» тақырыптарында ашық дәрістерін өткізді. Жазушы Жорж Стассинакиспен кездесу өткізілді.


12 сәуір күні аяқталған Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми онкүндігі нәтижелі өтті.

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

       

 

Ғылым департаменті