Бос лауазымның атауы:
|
Қауіпсіздік қызметінің басшысы
|
Құрылымдық бөлімнің негізгі функционалдық міндеттері:
|
- күзет қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
- ұйымның ерекшелігі мен құрылымын;
- ұйымның объектілерін қорғауды ұйымдастыру принциптерін;
- объектілерді оларға рұқсатсыз кіруден қорғаудың техникалық құралдарының сипаттамаларын;
- қазіргі заманғы отандық және шетелдік техника (сигнал жүйесі, байланыс және т.б.), оны жұмыс жағдайында ұстауын;
- - ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғаудың техникалық құралдарының сипаттамасын білуі қажет.
|
Негізгі қызметтік міндеттері:
|
- Университеттің күзетілетін объектілерінің сақталуын қамтамасыз ететін Қауіпсіздік қызметіне тікелей басшылықты және бақылауды жүзеге асыру;
- Қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтау, бүкіл Қауіпсіздік қызметтің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
- қарамағындағылардың қызметті орындауын қадағалау;
- Қауіпсіздік қызметінің әрбір қызметкерінің ауысымдық жұмысының қорытындысын ай сайын шығару;
- қарамағындағы қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыру, өз құзыреті бойынша сабақтар мен сынақтар өткізу;
- күзет объектiлерiндегi оқиғаларға қызметтiк тергеу жүргiзу;
- Қауіпсіздік қызметінің жұмысын университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен үйлестіруді қамтамасыз ету.
|
Іссапарларға шығу:
|
Қарастырылған
|
Білімі:
|
Жоғары кәсіби
|
Қажетті кәсіби тәжірибе (ұзақтығы, бағыты, т.б.)
|
Білім беру ұйымдарында 3 жылдан кем емес, қауіпсіздік қызметімен байланысты жұмыс өтілі бар, құқық қорғау және арнайы органдардың (Ішкі істер министрлігі және т.б.) бұрынғы қызметкерлері
|
Кәсіби құзыреттер:
|
Еңбекқорлық, мақсаттылық және қабылданған шешімдерге жауапкершілікті ала білу.
|
Жеке құзыреттер мен қасиеттер:
|
1. Шешімдерді әзірлеу, ақпаратпен жұмыс істей білу, мақсаттарға жету;
2. Өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау.
|
Тілдерді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу, (үміткер білуі тиіс тілдердің тізімі)
|
қазақ, орыс.
|
Компьютерлік дағдылар:
|
Өзіне сенімді пайдаланушы
|
Түйіндемені қабылдау мерзімі:
|
2022 жылдың 6 қаңтары
|
Байланыстағы тұлға:
|
hrteam@abaiuniversity.edu.kz
|