қазақша · русский · english
   
  Main  News
24.04.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ «Алматы Марафоны - 2018» қатысушыларына қолдау көрсетті


 2018 жылдың 22 сәуірінде Алматыда «Алматы Марафоны - 2018» өткізілді.


Алматы Марафоны - бұл жыл сайын өтетін халықаралық жүгіру жарысы, Орталық Азиядағы ең ауқымды спорттық іс-шара. Жетi жыл бойы елдiң ең iрi қаласының негiзгi көшелерiнен жүгіріп өтуге мүмкіндік берген бұл жаппай жүгіру жарысы мыңдаған жүгіруден әуесқой және кәсіпқой шеберлердің басын қосты.

 

Марафонның мақсаты жүгіруді және жаяу серуендеуді кеңінен насихаттау, халықаралық марафон жарыстарына қатысушыларды дайындау, республикалық маңызы бар қайырымдылық жобаларды қолдау, алдағы болатын жарыстарда жасөспірімдерге қолайлы жағдай жасау, жаман әдеттерден бас тарту, салауатты ұлт қалыптастыру. Сондай-ақ, Алматы марафоны қайырымдылық бағытта ұйымдастырылған спорттық шара болып табылады.


Барлық жиналған қаражат түрлі қайырымдылық бағдарламаларды іске асыруға бағытталатын болады. Мәселен, 2018 жылдың Алматы Марафоны аясында 17 миллионнан астам теңге жиналып, 3 балалар мекемелеріне жіберілді:
1. «Мен сенімен біргемін» онкология дертіне шалдыққан балаларға арналған бірінші балалар хосписі;

2. Интеллектуалдық даму қабілеті төмен балаларға арналған арнайы түзету №6 мектеп - интернаты;

3. Есік қаласындағы көру қабілеті төмен балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаты.

 

Жиналған қаржыдан аталған мекемелерде спорт алаңы салынып, қажетті спорттық құрылғылар алынады.


Ресми мәліметтер бойынша биыл марафонға әлемнің 38 елінен 14 мыңнан астам жүгірушілер қатысқан. 

 

Халықаралық спорттық іс-шараға ректор Такир Балықбаев, Педагогика және психология институтының «Лидер» үйірмесінің жетекшісі Анар Алимбекова және студенттері Сұнат Раимов, Сұңқар Мысыр қатысып, Университеттің 20-дан астам студенті еріктілер мен жанкүйерлер ретінде марафонға белсене ат салысты. Қатысушылар 10 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.


Біз Алматы-Марафонға қатысушыларды мақтан тұтамыз және ұйымдастырушылар мен спонсорларына халықаралық деңгейде пайдалы және жанға жағымды іс-шараға қатысуға мүмкіндік жасағандары үшін алғысымызды білдіреміз.

 

         

 

         

 

         

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім