Main /
Mass media about us
03.05.2018 Аударма тіліміз жылдам дами береді
Былтырғы сәуір айында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жария ете отырып, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасын ұсынған еді. Бұл ретте, Қазақстан білім беруде белгілі бір жетістіктерге жетіп, сөйтіп, көптеген отандық жоғары оқу орындары бәсекеге қабілетті әлемнің озық оқу орындары қатарына енгені мәлім.
Осы орайда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің үздік оқулықтарын мемлекеттік тілге аудару туралы бастамасы біздерге, әсіресе, ғалымдарға өте маңызды болып табылады. Өйткені, ол қазақ тілінде аса құнды ақпарат алудың ең тиімді де қажетті мүмкіндіктерін туғызады. Сол себепті, біздер үшін ол айрықша мақтаныш болып саналады. Олай дейтінім, біздер күнделікті лекциялар өткізуге және ғылыми шараларға дайындалу барысында ұсынылып отырған материалдарды аударудың қаншама қиындықтарына тап боламыз. Ендігі жерде осындай сапалы және кәсіби тұрғыда жазылған еңбектерді иелене отырып, біздің ағарту саласындағы жұмыстарымыз екі есеге дейін жеңілдейді деп білеміз. Сондықтан да Мемлекет басшысы «Біздерге елдегі білім беру саласын жаңғырта беру керек екендігін» бірнеше рет есімізге салып жүрді. Бұл жерде үздіксіз білім - біздің жетістігіміздің ең басты кепілі екендігі жақсы белгілі.
Соған орай, аталған жоба біздің оқушылар мен студенттерге әлемдік үздік үлгідегі білім нәрімен сусындауға және білім-біліктіліктерін ғылымның аталып өтілген ең жетілген бағытында кең түрде меңгеруге жол ашатын болады. Оның үстіне, 100 жаңа оқулықты аударуға кететін өте ауқымды жұмыстар біздің аудармашылар мектебімізді және Қазақстан ректорларының қарым-қабілетін нығайтып, бұл саланың дамуына жаңаша серпін береді деп ойлаймыз. Сондай-ақ, «Жаңа гуманитарлық білім» жобасының өзі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде жайлы орын табатын болады.
Ал енді қазіргі жаһандану мен сандық технология дәуірінде өсіп, жетіліп келе жатқан жас ұрпаққа ағымдағы қауіп-қатерлер және қоқан-лоққылар мен үрей тудыратын жағдайларға әрқашан да дайын болу керектігін ескертеміз. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік пен парагматизм рухында тәрбиеленіп жатқан біздің білім беру саламыз қазақстандықтардың жаңа ұрпағын қалыптастыру тұрғысында басым бағыт болып саналады.
Жалпы, БҰҰ-ның мәліметі бойынша, бүгінгі таңда әлем бойынша 800 млн. аса адам мүлдем жаза білмейді екен. Сонымен қатар, мектеп жасындағы 270 млн. бала осы күнге дейін партаға отырып көрмеген. Міне, осы тұрғыда біздің елде мұндай жағдай мүлде болмауы керек деп білеміз. Өйткені, біз бәсекеге қабілетті әрі даму үстіндегі ұлтпыз, ал біздің студенттеріміздің үздік әлемдік стандарттар бойынша білім алуға мүмкіндіктері бар.
Сондықтан да Елбасымыздың жоғарыда айтып отырған бастамасын қолдай отырып, біздер «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық жобаларын қазіргі замандық мультимедиялық технологиялармен сәйкестендіру - бізге әлемдік жетекші университеттер деңгейіне жақындай түсуге, сондай-ақ, кәсіби-ағарту білім беру деңгейін көтеру және қазақ тілінде бірінші басылған электронды кітаптарға шексіз қолжетімділікке ие болу мүмкіндіктерін береді.
Авторы: Князь Мирзоев, Қазақстан күрдтері «Барбанг» ассоциациясының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің шығыс тілдері және аударма кафедрасының меңгерушісі, ЖМ ШҒА академигі 03.05.2018 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz
|