қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
28.04.2015

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

АҚПАРАТ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

 

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2015 ж. 29 мамырда тарих ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Құрметті қызметкері» Мереке Көкеқызы Төлекованың 60 жылдық мерейтойына орай «Отан тарихының ХХІ ғасырдың басындағы дамуы: жетістіктері мен мәселелері» тақырыбына жоғары оқу орындары аралық  ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

 

Конференция жұмысында келесі мәселелер қарастырылады:

 

           I -секция. Қазақстан тарихы - әлем тарихының құрамдас бөлігі

 

          II-секция.  Қазақ хандығының 550 жылдығы: жаңа зерттеулер мен көзқарастар

(Қазақ хандығы және дәстүрлі қоғам).

 

III-   секция. Ғаламдану дәуіріндегі этнодемографиялық мәселелер

  

          IV-секция. Тарихты оқытудағы инновациялық әдістер

 

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Мақалаларды тапсыру мерзімі: 2015 жылдың 20 мамырына дейін мына мекен-жайға:

050100 Алматы қ., Жамбыл көшесі, 25. 602, 604 бөлме.

ҚР БҒМ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Ұйымдастыру

комитеті.

Байланыс телефондары және факс:

Байланыс телефондары: 87772570092; 87027609854; 87272916354.

Факс: 8(727) 2910309.

Өтініш пен мақалалардың электрондық нұсқасын ұйымдастыру комитетіне келесі электронды адреске жіберуіңізге болады:

E-mail: mereke_55@mail.ru.;   nadira_kyrymzhanova@mail.ru

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «Times New Roman» 14, немесе «KZ Times New Roman» 12.

Шектері: жоғарғы - 2, төменгі - 2, солжағы - 3, оңжағы - 1 см. Аралық интервал - бір.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен - мақала атауы, оңжақта автордың аты-жөні, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, және ұйымның аты, жақша ішінде - қала, мемлекет.

Мақалада сілтемелер тік жақша мен қолданылған бетін көрсетіп безендіріледі (мысалы,[1,17-б.]). Қолданылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Сөйлем соңында нүкте сілтеме жақшасынан кейін қойылады.

Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

 

МАҚАЛАНЫ БЕЗЕНДІРУ ҮЛГІСІ

Мақала аты

 

Төлекова М.К.

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

университеті

(Алматы, Қазақстан)

 

            Мәтін, мәтін, мәтін [1, 17-б.]. Мәтін .... мәтін [2, 25-б.].

 

________________

 

1 Төлекова М.К. Жетісу халқы: тарихи-демографиялық талдау.  - Алматы: Нұрай Принт Сервис, 2011. - 128б.

2 Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы // Казахстанская правда. - 2003. - 10 декабря.

3 Адам құқығы жөніндегі комиссия жұмысы (электрондық ресурс) // http://www.inform.kz/kaz/article/2323629 сайты (сайтқа алған күні: 18.03.2013.)

 

«Отан тарихының ХХІ ғасырдың басындағы дамуы: жетістіктері мен мәселелері» тақырыбына университетаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға

 

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ

Аты-жөні (толық) ______________________________________________________________

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы): _______________________________________________

Лауазымы: ___________________________________________________________________

Ұйымның толық атауы: _________________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________________________

Автордың адресі:______________________________________________________________

Факс, E-mail __________________________________________________________________

Мақалаға қысқаша аннотация, тақырыбы:__________________________________________

Қонақ үй қажеттілігі:___________________________________________________________