қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.03.2014

Біздің студенттеріміз - Республикалық олимпиада жеңімпаздары
2014 жылдың 28 ақпанымен -1 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің бұйрығына сәйкес Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ базасында 5В011900 «Шет тілі": екі шет тілі мамандығы бойынша Республикалық олимпияда өтті. Шығыс тілдері бойынша олимпиада қорытындысында Филология және көптілді білім беру институтының студенттері үш бірінші, бір екінші және бір үшінші орындарды иеленді. Көрсетілген нәтиже Университеттің абырой беделін одан әрі жоғарылатуға және шығыс тілдеріне деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік туғызатын соңғы бірнеше жыл ішіндегі ең ірі жетістік болып саналады.
Республикалық Олимпиаданың жеңімпаздары арасында өткір және терең білімдерін, абырой мақсатқа жетуде табандылығы мен жігерлігін көрсете білген мына жеңімпаздарды мақтанышпен атауға болады:
1. 412 топо/б студенті БосаковаГюзель - 1 орын (қытай тілі)
2. 305 топ қ/б студенті Дауренбек Сауле- 1 орын (түрік тілі)
3. 411 топ қ/б студенті Жумадилова Айгерим - 1 орын (араб тілі)
4. 308 топо/б студенті Пернехан Балнур - 2 орын (қытай тілі)
5. 405 топ қ/б студенті Зарлыхан Асем - 3 орын (қытай тілі)
6. 405 топқ/б студенті Кадырова Құндыз - 3 орын (қытай тілі)
Университетте студенттік команда дайындау үшін көп еңбек еткен шығыс тілдері кафедрасының оқытушылары ортақ жетістікке жетуге барынша ат салысты.Олардың ішінен т.ғ.к., университет провессоры Тохметов А.Т., аға оқытушылар Оразакын Ф. (қытай тілі), Сатбай Г. (түрік тіл), Оразова Р.К,. (араб тіл) атап өтуге болады.
Алға қойылған мақсаттарға жетуде өз ақыл кеңестерімен қолдау көрсеткен, шығыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, ЖМ МҒА академигі, профессор К.И. Мирзоевтың да осы үлкен жетістіктен алар үлесі зор.
Студенттер мен оқытушыларды табысты жеңістерімен құттықтай отырып, халықаралық аренада көптеген жаңа белестерді  бағындыра берулерін тілейміз!
Біздің ерекше құтықтауымыз Қытай және Мысыр университеттерінде магистратурада оқуға грант ұтып алған А.Жумадилова мен Г.Босаковаға арналады.