қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
06.04.2022

Боралдай Сақ қорғандарына экскурсия басталады

 

Халықаралық Ескерткіштерді қорғау күніне орай 2022 жылдың 16 сәуірде сағ.10.30-да «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен университет студенттеріне «Өркениеттер әлемі» Боралдай Сақ қорғандары археологиялық кешеніне танымдық экскурсиясы өтеді.

 

Ашық аспан астындағы археологиялық паркке саяхат «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстанның Киелі географиясы» жобасымен ұйымдастырылып отыр.

 

Танымдық экспедицияның мақсаты - шалғай аймақтардан келген білім алушылардың қасиетті орындарға рухани танымдары мен ағартушылық ізденістерін күшейтіп, мамандану қабілеттеріне бейімдеу, аймақтың тамыры терең тарихына насихаттау.

 

Боралдай сақ қорғандары - Алматы қаласы бойынша жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енген алты ескерткіштің бірі. 47 сақ қорғаны және 200 үйсін обаларынан тұратын археологиялық кешен Алматы аумағында ерте темір ғасырынан сақталған тарихымен екі жарым мың жылдан асып жығылатын жалғыз ескерткіш - Алатау ауданында, Үлкен Алматы мен Боралдай өзендерінің арасында орналасқан.

 

Бірегей нысанның отандық тарихы, антропологиясы, археологиясы, топонимикасы және этнографиясымен танысуға университет студенттеріне арнайы автобуспен тасымалданады. Орындар шектеулі.

 

Жүру және кіру ақысы тегін.

 

Жоба Мәдени ынтымақтастық келісімі негізінде Алматы қаласының Мәдениет басқармасы, Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Экскурсияға баруға тіркелу үшін 8701 497 9615 хабарласуға болады.