Main
News
13.06.2018
«Жоғары оқу орындарының академиялық, әкімшілік және қаржылық автономиясы» халықаралық семинары
2018 жылдың 11-12 маусымы аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде жоғары білім саласындағы сарапшы Джамил Салмидің қатысуымен «Жоғары оқу орындарының академиялық, әкімшілік және қаржылық автономиясы» тақырыбында халықаралық семинар өтті.
«Қазіргі таңда, жоғары білім беру жүйесін қалыптастыру кезеңінен өткен кезде, жоғары оқу орындарының академиялық, әкімшілік және қаржылық дербестігі мәселесі өзекті болып отыр. Жоғары оқу орындарын дамытудың келесі кезеңі білім беру бағдарламаларын дербес анықтау, олардың даму бағытын және басқару қағидаттарын айқындаудың жеткілікті мүмкіндіктерімен байланысты болуы керек».
Семинар барысында жоғары білім саласындағы танымал сарапшы, Еуропаның, Азияның және Латын Американың бірнеше университеттерінің халықаралық қадағалау комитеттерінің мүшесі профессор Джамил Салмимен жоғары оқу орындарының автономиясына өту кезіндегі үлгілер, қағидаттар мен туындайтын мәселелер қарастырылып, автономия жағдайында жоғары оқу орындарын академиялық, әкімшілік және қаржылық тәуелсіздікке дайындау, университеттік автономияға өту үшін жоғары оқу орынның барлық деңгейлерінде академиялық мәдениетті трансформациялау бойынша ұсынымдар ұсынылды. Сонымен қатар семинар жұмысында Халықаралық бизнес университетінің ректоры, ЖБРС ҰТ мүшесі Дархан Ахмед-Зәки («Қазақстанда университеттік автономияға көшу: жаңа құқықтық негізі») және Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялау жөніндегі үйлестіруші Мәдина Айтаканова («Назарбаев Университеті: үлгі және негізгі басқару қағидаттары») баяндама жасады.
Екі күндік семинар барысында қатысушылар академиялық автономия, әкімшілік автономия, қаржылық автономия және адам ресурстарын басқарудағы автономия мәселелеріне қатысты 4 топта жұмыс істеді. Әр топтың мүшелеріне сарапшы Джамил Салмиден сұрақтар қойылды: Қазақстандағы университеттің автономиясы халықаралық үрдістермен қалай байланысады? Нені өзгерту керек? Өзгерістерге дайынбыз ба? Еуропаның тәжірибесінен нені үйрене аламыз және ол ұлттық контекстке қалай бейімдеуі керек? Семинарға қатысушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салды.
Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім
|