Main
News
22.05.2014 Вьетнам мәдениеті мен білім беру орталығы ашылды
-Абай атындағы Қаз ҰПУ- да Вьетнам мәдени және білім беру орталығының ашылуына Ханой педагогикалық университетінің проректоры До Вьет Хунг, Хошмин педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық білім беру факультетінің деканы Нгуен Нгок Ха, осы оқу орынының орыс тілі факультетінің деканы Фам Суан Май, Хошимин педагогикалық университетінің проректоры Данг Тинь Нгио, Вьетнамның Қазақстандағы елшісінің кеңесшісі Нго Ван Тхо және Вьетнамның Қазақстандағы қауымдастығының төрағасы Фам Ван Туан мырзалар қатысып отыр,- деді ол. -Өткен жылы Ханой ұлттық педагогикалық университетінде Абай атындағы мәдениет және ғылым орталығы ашылғаны өздеріңізге белгілі. Ал енді сіздерге вьетнам мәдени орталығын ашуға келіп отырмыз. Бұл іс-шаралар екі ел жоғары оқу орындары арасындағы мәдени және білім беру, ғылыми байланыстарды қалыптастырып, дамытуға зор ықпалын тигізетініне сенімдіміз. Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры М.Е.Ермағанбетов Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вьетнам социалистік республикасына жасаған ресми іс-сапары екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық қарым-қатынастың қалыптасуына ұйытқы болғанын атап көрсетті. Елбасының осы сапарынан кейін Қазақ--Вьетнам байланысы арнасына түсті. Өткен жылы ғана біз Ханой және Хошимин педагогикалық университеттерінде Қазақ-Вьетнам мәдени және білім беру орталықтарын ашсақ, енді өзімізде осындай орталық ашып отырмыз. Бұл орталықтар екі ел жоғары оқу орындар арасын байланыстыруға, білім және ғылым саласында инновация алмасуға, профессорлар мен студентер алмасуға, «қос диплом» бағдарламасы бойынша студентердің екі ел университеттерінің дипломдарын бірдей алып шығуына ықпал ететін болады әрі екі елдің мәдениетімен танысуға жол ашады деп ойлаймыз. Кездесуде екі тараптың өкілдері де ізгі тілектерін білдірді. Бұдан кейін Қазақ-Вьетнам орталығының лентасын қию салтанаты болды. Бұл рәсімге Абай атындағы ҚазҰПУ бірінші проректоры профессор М.Ермағанбетов, стратегиялық даму және халықаралық қатынастар ісі жөніндегі проректор, профессор Болатқан Қожамқұлов ҚазҰПУ-дың филология және көптілді білім беру институтының директоры, профессор Т.Аяпова, осы институттың шетелдіктерге арналған орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәуле Бегалиева және басқалар қатысты. Профессор Чан Дин Лам Вьетнам мәдениетімен, білім, ғылым саласындағы жетістіктерімен таныстырды.
Мырзахан Ахмет,
|